«Tengri Bank» АҚ өз клиенттеріне қандай кепілдіктер ұсынады?

Обозрение недели, 21-10-2019, 09:00, Просмотров: 378
«Tengri Bank» АҚ өз клиенттеріне қандай кепілдіктер ұсынады?  

Кепілдіктер – «Tengri Bank» Ақ негізгі және алдыңғы қатарлы өнімдерінің бірі, қаржы ұйымы кепілдіктердің төрт түрін ұсынуға дайын, ал Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігінің банкке берген «В2» рейтингі  және тұрақты болжамы клиенттерге ірі ұлттық компаниялардың тендерлері мен сатып алуларына қатысуға мүмкіндік береді.

«Tengri Bank» Ақ Павлодар қ. филиалының директоры Тимур Мухаметкалиевич Жантемиров мәлім дегендей, «Tengri  Bank» Ақ клиенттері кепілдіктердің келесі түрлеріне: тендерлік, халықаралық, міндеттемелерді орындау кепілдіктері мен аванстық төлемді қайтару кепілдіктеріне ие бола алады.  

Одан бөлек,  «Tengri Bank» Ақ шетелде жұмыс істейтін Казақстан компаниялары үшін халықаралық кепілдіктерді шығаруда мол тәжірибеге ие.  

 «Tengri Bank» Ақ-на кепілдіктер үшін жүгінгендерге ағымдағы шот тегін ашылады, оларға жедел қызмет көрсетіледі. Оған қоса, клиенттер географиясын кеңейтуге және Банк-Клиент сервисі арқылы тұтастыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін электрондық кепілдіктерге ие болу мүмкіндігі де қарастырылған.

Банк қызметкерлері клиенттерге барынша ыңғайлы жағдай жасауда және бір сағат ішінде қажетті кепілдікті шығару бойынша шешім қабылдайды.

Сандар туралы айтатын болсақ, 2019 жылдың басынан бастап Павлодар облысында  банк клиенттерге жалпы сомасы 511 млн теңгеге 374 тендерлік кепілдік шығарған, 15-і жалпы сомасы 3 млрд 142 млн теңгеге тең шартты орындау кепілдіктері, 43-і жалпы сомасы 539 млн теңгені құрайтын аванстық төлемді қайтару кепілдіктері. 

Тимур Мухаметкалиевич соның нәтижесінде клиенттеріміз банктің қолдауымен Сарыарқа ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы, әлеуметтік мәні жоғары нысандар құрылысы, соның ішінде мектептер, студенттердің жатақханалары, облыстық онкологиялық диспансер және емхана, спорт нысандарының құрылысы, қаланы көріктендіру салаларындағы жобаларын жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Банктің жоғары рейтингі клиенттерге мемлекеттік, коммерциялық жобаларға және мемлекеттік сатып алуларғы қатысуға жағдай жасауда.

«Жоғарыда көрсетілген сандар «Tengri Bank» Ақ осы өнімге баса назар аударатынына және кепілдікті шығаруда клиенттерге әркез көмектесуге дайын екеніне дәлел», –  деп атап өтті банктегілер.

Moody's Investors Service рейтингтік агенттігі банкке тұрақты болжам мен «В2» рейтингін бергенін атап өткен жөн, соның арқасында «Tengri Bank» Ақ клиенттері тендерлер мен сатып алуларға еш кедергісіз қатыса алады.

Обнаружили ошибку или мёртвую ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER.
В появившемся окне опишите проблему и отправьте Администрации ресурса.

Комментариев:0

ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Введите код:*

О сайте

Адрес: ул. Ленина, 143 ("Дом печати") 1 этаж 8(7182)-61-80-14 редактор/журналисты 8(7182)-61-80-24 коммерческий отдел
E-mail:
redaktor@obozrenie.kz (Главный редактор)
news@obozrenie.kz (Журналисты)
reklama@obozrenie.kz (Коммерческий отдел)

Юридическая информация

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания и информационного агенства 15994-СИ.

При полном или частичном использовании в сети Интернет материалов, размещенных на сайте obozrenie.kz, гиперссылка на главную страницу www.obozrenie.kz обязательна.